Ким Чен Ын мен Трамп қайда кездесетіні белгілі болды
КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге келсімін берді. Екеуі Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея шекарасындағы Панмунджон арнайы аймағында кездеседі. Бұл туралы CNN хабарлайды.
Кездесу жерін Оңтүстік Корея президенті 27 сәуірде өткен саммит кезінде ұсынған. Телеарнаның мәліметінше, кездесудің кей шаралары Солтүстік Корея шекарасында өтуі мүмкін.
Осыған дейін Трамп Ким Чен Ынмен кездесудің нақты уақытын айтатынын мәлімдеген. Журналистермен әңгімелесу барысында кездесудің жақын арадағы үш-төрт аптада болатынын айтқан.