БИЫЛ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 99% ЖЕТЕДІ

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының электрмен қамту көрсеткіші 97%-ды құрап отыр. Атап айтқанда қала аумағындағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді мекен жарықты жекеменшік трансформатордан алады.

Жекеден электр қуатын алып отырған елді мекендер: Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай. Қазіргі таңда бұл елді мекендердің барлығында құрылыс жұмысы жүргізілуде. Құрылыс 2022 жылдың соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылып, көрсеткіш 99 пайызға жетеді. Одан бөлек, жыл соңына дейін Ақжар қосалқы станциясы пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласының энергетикалық әлеуетін 2025 жылға дейін даму жоспарына сәйкес, электр қуатын таратушы 6 қосалқы станция салу жоспарланған. Олар: «Ынтымақ» 110/10 кВ, «Қызылсу» 220/110/10 кВ,, «Жұлдыз» 220/110/10 кВ, «Тұран» 110/10 кВ, «Шымсити» 110/10 кВ, «Ипподром» 110/10 кВ қосалқы станциялары.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі