Қазақстанның шекаралық жерлерін жалға беруге тыйым салынды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жер заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасап.

Аталмыш заңға сәйкес, енді шекаралық аймақтарда орналасқан жер телімдерін жекеменшікке беруге және пайдалануға ресми түрде тыйым салынады.

Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық темір жол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

«Қамшы» сілтейді