ӘКІМ ШЫМКЕНТТЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында өрт сөндіру депосы жаңадан бой көтеруде. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов нысанның құрылыс жұмысы барысымен танысып, жаңа корпустың нормативтік актіге сәйкестігін тексеріп шықты.
-Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет еткенін білеміз. Аумағы 0,3319 га жерді алып жатқан сөндіру бөлімі мегаполистің орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы. Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде осы ерекшелікке басты назар аудардық. Материалдық-техникалық базаны заман талабына сай жабдықтауға қолдау танытамыз, — деді әкім.
Ғимаратта әкімшілік корпус (АБК), 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, қарауыл кабинеті, асхана, себезгі бөлмесі, санитарлық тораптар, баспалдақтар, киім шешетін бөлме, жеңдік бөлім, директор кабинеті, директор орынбасарының кабинеті, мұрағат, бастық кабинеті, қабылдау бөлмесі, акт залы, қоймалар, ГТҚҚ (Газ-түтіннен қорғау қызметі) кабинеті, оқу сыныбы, кабинеттер, дәліздер қарастырылған.
Құрылысы осы жылдың маусым айында басталған нысан желтоқсанда пайдалануға берілуі жоспарланған.
Құрылыс жұмысы толық аяқталғанда, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.