АУРУХАНАІШІЛІК ИНФЕКЦИЯ

Ауруханаішілік инфекция (немесе нозокомиальды, госпитальды) – дегеніміз бұл науқастың ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты жұқтырып алуы. Көбінесе үш тәуліктен аса мерзімде дамыса немесе ауруханадан шыққан соңғы үш тәулік бойында байқалса бұл ауруханаішілік инфекция ретінде қарастырылады. Аурухана ішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар медициналық қызметкері жұмыс істеу барысында қандай да бір жұқпалы аурумен ауырып қалуы (кәсібіне байланысты) да АІИ-ға  жатады. Науқас тек ауруханада ғана емес , басқа да емдеу мекемелерінде ем алу немесе тексерілу мақсатымен баруы кезінде ауруханаішілік инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін.

АІИ-ның берілу жолдары мен факторлары:

  • Ауа-тамшылы (аэрозольды)
  • Сулы-алиментарлы
  • Тұрмыстық-қатынастық
  • Жарақаттан кейінгі инфекция

АІИ қазіргі кезде өсіп-дамуына мына факторлар әсер етеді:

Ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы. Аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы. Инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциялық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі. Әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты- байланыс және ауа арқылы таралуы мүмкін. Стационарға әлі анықталмаған инфекциялық ауруларымен түскен адам инфекцияның негізгі көзі болып табылады. Антимикробтық препараттарды бақылаусыз қолдану, әр түрлі дәрілік заттарға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген микроорганизмдердің қалыптасуына әкеліп соғуы мүмкін. Халықтың қоршаған орта өзгерістеріне, өмір сүру шарттарына төзімділігі мен тұрақтылығының (иммунитеттің) төмендеуі де әсер етеді.

АІИ ауруларының деңгейін төмендету профилактикасы келесі жолдармен іске асады:

  • диспансерлік бақылау кезінде АІИ анықтау және тіркеу
  • әртүрлі типті стационарларда қауіпті топтарды және қауіпті факторларды анықтау
  • АІИ ауруларының эпидемиологиялық анализін жүргізу
  • медициналық жұмысшылардың спецификалық профилактикасын жүргізу.

Медицина қызметкерлерін вакцинациялаудың инфекцияны алдын-алуда орны ерекше: мысалы гепатит В, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық, полимиелит, іш сүзегі, КВИ  сияқты сырқаттарға қарсы вакцинаны медицина қызметкерлері толықтай жоспарлы түрде алу керек.

Ф.НҰРМАНОВА,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы санитариялық эпидемиологиялық

бақылау басқармасының эпидемиологиялық

бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы.     

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.