Мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормалары

Бұл орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де заңды және жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін алу мақсатында мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары пайдаланылады, «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 30.12.2020 жылғы № 336/2020 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және гигиеналық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

Cанитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы негізінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетеді: 1.➡️ Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі – өтініш түскен мерзімінен бастап 10 жұмыс күні); 2.➡️ Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру; 3.➡️ «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (қызмет көрсету мерзімі — 5 жұмыс күні); Қызметке тапсырыс беруші құжаттардың толық топтамасымен танысып, электрондық цифрлық қолтаңбасымен өтініш түсіреді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады: егерде, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттары толық болмаса немесе ондағы деректер анық емес болса, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда; -ұсынылған объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті берушінің жұмыс кестесі: ➡️Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. ➡️Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: — нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭлектрондықЦифрлықҚолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішінің болуы; санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі — өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ала алады.

— Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға, өзінің лауазымдық өкілеттіліктері шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындалуын талап етуге, лауазымдық өкілеттіліктерін атқару үшін ұйымдарға белгіленген тәртіппен баруға, басшыдан мемлекеттік қызметші атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес міндеттерді және лауазымдық өкілеттіліктер көлемін дәл айқындап беруді талап етуге, жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен қарым-қатынас жасауына құқылы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі — Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары бекітілген.

Аталған Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Басқарма қызметкерлері арасында  басқармада жүргізілетін жұмыстардың заң аясында толыққанды жүргізілуі, жаңадан түскен нормативті құқықтық актілердің зерделеніп, ұжымда оның дұрыс, сауатты пайдалануы, түрлі деңгейдегі арыз-шағымдар бойынша заң аясында сапалы мәлімет беруін талап етеді.

Жұмыс барысында және жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетімізбен мінез құлығымызға жауапты екендігімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтауымыз қажет. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға, өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге, лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға, басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге, жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына құқылы екендігімізді көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.