ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЧЕЛЛЕНДЖІН ЖОЛДАЙДЫ

Облыс орталығындағы оқу- орындары мен мектептер «Жасыл аймақ» апталығының челленджін бастады.

Республикалық эко- акцияның үшінші апталағында челленджді М. Абенова атындағы жалпы орта мектебі бастады.

Мектеп оқушылары мен ұстаздары бірігіп мекеме ауласында біржылдық және көпжылдық гүлдер екті. Ағаш түптерін қопсытып, әктеп, көгалды аймағында абаттандыру жұмыстарын жасады. Шара соңында «Таза қала, таза ауа!» ұранымен челлендж жолдап, түркістандықтарды эко- акцияда белсенділік көрсетуге шақырды.