ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 130 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

Түркістандықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен кезекті жалпыхалықтық сенбілікке белсене қатысты.

Бүгін таңғы 9-дан басталған шараға 1000- нан астам қала тұрғыны атсалысты. Шаһардың 40 көшесінде тазалық жүргізіп, 130 тонна қоқыс жинады.

Одан бөлек, тұрғындар өз аулаларын реттеп, көгалды аумақтарына күтім жасады. Ағаш түптерін әктеп, ескірген қасбеттер боялды.

Айта кетейік, жалпыхалықтық сенбілікке әкімдік тарапынан 30 техника күші жұмылдырылды.