ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

Облыс орталығында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік өтуде.

Сенбілікте қала тұрғындары белгіленген 40 көшеден бөлек, өз аулаларын тазалап, көгалды аумақтарына күтім жасап, атсалысуда.

Жалпыхалықтық сенбілікке әкімдік тарапынан 30 техника күші жұмылдырылған. Тазалық жұмыстарына 1000-нан аса тұрғын өз үлестерін қосуда.