«Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы

Өңірімізде «Таза Қазақстан» акциясы ағымдағы жылдың 6 сәуір мен 11 мамыр күндері аралығында жүргізіліп, акция  «Таза  өлке»,  «Киелі  мекен»,  «Жасыл  аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарында өткізілген.

Жалпы 5 апталықта абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілді. Бұдан бөлек, науқан аясында 1 408 ауқымды іс-шаралар қамтылды.

6-13 сәуір аралағында «Таза өлке — Түркістан» атты науқанда 267 ауқымды іс-шаралар өткізіліп, 1 521 көше бойлары және 33 мыңнан астам аяқжолдар тазаланып, 850 тонна қоқыстар шығарылды.

15-20 сәуір аралығында «Киелі мекен» науқаны тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналды.

Бұл апталықта облыс көлеміндегі 1 780 тарихи-мәдени орындар қамтылды. Соның ішінде, 226 тарихи-мәдени орындарда ауқымды іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи, Укаш ата, Арыстан баб, Отырар ауданындағы қалашық, Бәйдібек ата, Домалақ ана, Баба Түкті Шашты Әзіз әулие кесенесі, Қарабура әулие кесенесі, және тағыда басқа осы сияқты тарихи орындар қамтылды.

22-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ» науқаны өтті. Бұл апталықта көшет отырғызу мен аулаларды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына басымдық берілді.

Науқан аясында 325 ауқымды іс-шаралар өткізіліп, жалпы апталықтар аясында

150 мыңға жуық ағаштармен көшеттер отырғызылып, 175 мыңға жуық ағаштар әктеліп, бұталды.

Сондай-ақ, 346 саябақ-скверлер, 731 балалар ойын алаңшаларында тұрақты тазалық жұмыстары жүргізілді.

29 сәуір — 4 мамыр аралығында өткен «Өнегелі ұрпақ» науқанында, ардагерлер мен қарттар үйлерінің ауласын тазалау, абаттандыру, жеке үйлерінің қоршауларын бояу жұмыстары жүргізілді.

«Өнегелі ұрпақ» науқанында Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің аулаларын облысымыздың жастары реттеп, тазалық жұмыстарын жүргізіп берді. Бұдан бөлек, аудан, қалаларда қарттардың үйлерінің аулалары қамтылып, осы мақсатта 396 ауқымды іс-шаралар өткізілді. Бұл жұмыстарға 5 мыңнан аса еріктілер және жастар қатысты.

7-11 мамыр аралығында – «Мөлдір бұлақ» науқаны өткізіліп, бұл науқанда тау бөктерінде, өзен-көлдердің жағалаулары мен су айдындарын тазартуға арналды.

Науқан аясында 269 ауқымды іс-шаралар өткізіліп, елді мекендер аумағындағы 60 мың м2 су, өзен бойлары жинап тазаланды, 118 шақырым ирригация жүйелері тазаланды, 264,2 шақырым көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтардың арналары жиналып-тазаланды.

Жалпы акцияға 74 мыңға жуық тұрғындар, 2 мыңнан аса мемлекеттік органдар, 3 мыңнан аса бизнес өкілдері, 5 мыңнан аса еріктілер, 1 мыңнан аса жастар және 1 669 техникалар сенбіліктерге тартылып, 4 мыңға жуық тонна қоқыстар шығарылған.

Нәтижесінде:

691 шқ республикалық жолдар тазаланды;

3 533 шқ облыстық жолдар тазаланды;

1 816 шқ аудандық жолдар тазаланды;

11 983 шқ ауыл ішілік жолдар тазаланды;

60 024 м2 аяқ жолдары тазаланды;

1 270 дана аялдамалар ретке келтірілді;

150 мың дана ағаш отырғызылды;

175 мыңға жуық ағаш әктелді;

346 саябақтар және скверлер ретке келтірілді;

302 мыңнан аса жеке үйлер айналасы ретке келтірілді;

2 156 әлеуметтік нысандардың айналасы тазаланды;

60 мың м2 немесе 360 шақырым су, өзен бойлары жинап, тазаланды.

Акция аясындағы атқарылған жұмыстар бұнымен аяқталмай, қазіргі таңға, қалалармен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және тазартудың жыл соңына дейінгі іс-шара жоспары бекітілген. Бұл іс-шарада әр ауданның климаттық ерекшілігі мен орналасуы ескерілген. Сонымен қатар, санитарлық тазалау, жолды жайластырудың мазмұны, аялдамаларды ретке келтіру, жарықтандыру желілерінің тіректерін күтіп-ұстау, жолдарды ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу, абаттандыру және ойын алаңшаларының элементтерін жөндеу, жасыл желектерді күтіп-ұстау, контейнерлік алаңдарды жөндеу және күтіп ұстау, көгалдандыру, жарықтандыру желілерінің тіректерін күтіп- ұстау сияқты жұмыстармен қамтылған.

Аталған     бағытта      984   іс-шара      жоспары    дайындалып,

266 жауаптылар бекітілген.

Бұдан бөлек, Республика көлемінде әзірленіп жатқан абаттандырудың үлгілік Қағидасына тиісті ұсыныстар мен толықтырулар жолданды. Сондай-ақ, Түркістан облысында бекітілген абаттандыру бойынша Қағида өзектендіріліп және

толықтырылып, жобасы келісілуде. Жақын арада бекітілетін болады.

Сонымен қатар, ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру үшін әкімдік тарапынан алдағы 5 жылға арналған өңірлік жоспарлар қалыптастыруда.

Сондай-ақ, әр аудан, қалалар кесіндісінде ретсіз жинақталған қоқыстарды болдырмау мақсатында облыс әкімдігінің қызметкерлері, басқарма, аудан әкімдігінің қызметкерлері, полиция департаментінің жергілікті қызметкерлері және ауыл белсенділері, ақсақалдарынан құралған  мобильді  топтар  құрылып,  чаттар  ашылған. 17 аудандағы мобильді топтың құрамында 653 адам енгізілген. Мобильді топ тұрақты жұмыс атқаруда, негізгі мақсаттары:

қоқыстар көп тасталатын ыстық нүктелерді анықтау;

қоқыстарды дер кезінде жою;

түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Мобильді топтың жұмысы күнделікті бақылауда, чаттағы ретсіз қоқыстар туралы фото суреттер мен видеолар жүйелі түрде тез арада тазалануда.

Сондай-ақ, санитарлық тазалықты алдын алу мақсатында 58 977 әлеуметтік желілерге ақпараттар жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдарында 1 123 материалдар шығарылды. Бұдан бөлек, 278 бейнероликтер тұрақты көрсетіліп, 1 528 баннерлер орнатылды. 64 271 тұрғындарға үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар тез жиналатын орындарға бейнекамералар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бұған қоса, әліде болса ретсіз қоқыстар тез жиналатын ыстық нүктелер бар, осындай жерлерге тиісті органдардың, полиция департаментінің және БАҚ құралдарының қатысуымен рейдтік бақылау тұрақты жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың өзінде қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 11 мыңнан аса хаттамалар толтырылып, 123,3 млн.тг айыппұлдар салынған.

Өңірімізде сенбіліктер жүргізіліп жатқанымен тұрғындар және жол қозғалысындағы жүргізушілер тарапынан белгіленбеген орындарға әліде қоқыстарды тасталуда.

Сондай-ақ, облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мәселесі өзекті болып қала береді. Айта кетсем, жалпы 806 елді мекеннің, тек 361 елді мекенінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау ұйымдастырылған. Ал қалған елді мекендерде бұл қалдықтарды сол жерде өртеу фактілерде орын алуда. Сонымен қатар, кейбір елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтардың ұйымдастырылмағанның бірден бір себебі ол, қоқыс шығару қызметтерін ұсынатын көптеген компаниялар халық тарапынан төлем жасамау мәселесіне тап болады. Халық қызметтерге ақы төлемейді, бұл компаниялардың қаржылық шығындарына және нарықтан шығуына әкелуде.

Мәселені шешу үшін қоқысты кәдеге жаратуды бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және экологиялық мәдениет деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыс көлеміндегі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуді жүйелендіру үшін тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бірнеше рет талқыланды.

Мәселен, облыстағы аудан орталықтарында қызмет көрсететін 18 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар (КГУ) бар, осы КГУ-лар толық талданып, материалдық-техникалық базалары және жұмыс күші аз екендігі анықталып отыр.

Мәселені шешу мақсатында, облыстағы КГУ-ларды күшейту үшін қосымша 1 750 жұмысшылар және 380 техника сатып алу көзделуде. Бұл жұмыстар санитарлық тазалықты тиісті деңгейде атқаруға мүмкіндік беретін болады.