Жетісай ауданындағы «Достық» магистралды каналының жағдайымен жан-жақты танысты
Қазақстан Республикасы СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев күні кеше Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барасында комитет төрағасы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, мемлекетаралық Жетісай ауданындағы «Достық» магистралды каналының жағдайымен жан-жақты танысты.
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев басқосу барысында аталған каналдың негізгі мәселелері мен өткен жылы орын алған вегетациялық кезеңдегі су жетпеген сәтте атқарылған жұмыстарды баяндады.
Сондай-ақ, алдағы жылы каналды қалыпқа келтіру үшін ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығын жеткізді.
«Достық» магистралды каналы арқылы келетін ағын су жеткіліксіз болған жағдайда Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру арқылы қосымша ағын су «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналынан алынады. Жұмысшы топ, осы каналдардың жалпы жағдайымен танысты.
Жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын канал 86 700 гектар жерге су жеткізіп беруге есептелген.
Канал, 2010-2011 жылдары салынғандықтан, сыртқы факторлар, жер асты суының әсерінен каналдың ішкі жақтаулары құлап, каналдың ұлтаны толып су өткізу қабілеті төмендеген. Сондықтанда, су беру маусымы кезінде су жетіспеушілік орын алды. Дегенмен, былтырғы су беру маусымы кезінде «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Казыбек Бедебаевтың жедел тапсырмасы негізінде, жалпы 12 насостың 5 данасы іске қосылып, филиал мамандарының 24/7 қадағалауымен егістікке канал арқылы 22 м3/с ағын су берілді.
Бүгіде каналдағы проблеманы анықтау мақсатында және машиналық канал кешеніне түбегейлі жоба шешім қабылдау негізге алына отырып, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы ұжымдағы кәсіби мамандарымен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінге аталған нысан бойынша жоба әзірлеуге зерделеу жұмыстары атқарылуда.
Ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңіне 12 насостың 10 данасы іске қосылуға дайын.
Сонымен қатар, жалпы 16 мың га суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз етуге арналған К-30, К-28 каналдарының құрлысы 2010-2012 жылдар аралығында басталып, аяқталмаған жобалардың құрылысын қайта жүргізуге «Су шаруашылығы комитеті» тарапынан келесідей іс-шаралар атқаруда:
К-30 каналының сметалық жоба құны бағамын ұлғайтуға ҚР Қаржы министірлігінің бюджеттік комиссиясының оң шешімі алынды және бүгінге жабаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Әзірленген жобаға сәйкес, құрылыс жұмыстары іске асырылады.
К-28 каналының қалған жұмыстарына түзету жобасы жіргізілуде. Дайындалған жобаға сәйкес, құрылысты іске асыру жұмыстары «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан атқарылады.