ТӨЛЕБИ АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ
Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндады. Төлеби ауданы бойынша өнеркәсіп саласында негізгі өнім беретін кәсіпорындар: “КазахБитум” ЖШС, “Балмұздақ” ЖШС, “Компания ФудМастер-Шымкент” ЖШС, “Ақмаржан” ЖШС, “Баракат 555” ЖШС. 2024 жылдың 4 айында өнеркәсіп көлемі 17 млрд 036 млн теңгені құраған. Кәсіпкерлік саласына 2024 жылға тартылатын инвестиция көлемі 63929.1 теңге. Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 9 млрд 83,2 млн теңге. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 401,3 млн теңге.
Асхат Сайлаубекұлы егістік көлемін бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырып, тамақ өндірісіне тартылған инвестиция көлемін арттыру қажеттігін сөз етті. Су үнемдеу технологияларын ендіру негізінде жүзеге асқан жобаларды баяндап, егіс алқаптарын минералды тыңайтқыш (аммиак селитрасы, карбамид) үстеп қоректендіру жұмыстарын жүргізу межесі 2,2 мың тонна, орындалғаны 2,140 мың тонна, яғни 97,3 пайызға орындалғанын айтты. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бағытындағы шаруалармен жүргізілген келісімдер, қайта өңдеу саласында жаңа қуаттылықтар құру, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін цех жұмыстарын әңгімеледі. Асыл тұқымды уақ, ірі қара мал, жылқы басын көбейту мақсатында атқарылған жұмыстарды хабарлады.
Мәжілістің күн тәртібіне қойылған екінші мәселе қала және ауылдық округ аппараты ғимаратының санитарлық-тазалық жағдайы бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Жорабек Жолдасбеков баяндама жасады.
Мемлекеттік мекеме ғимаратының, аудан аумағының тазалығы қатысты сын-ескертпелер айтылып, атқарылған жұмыстар талқыға алынды.
Мәжіліс қорытындысымен арнайы хаттама толтырылып, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы көтерілген мәселелерге байланысты тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеп, оның орындалуын қатаң бақылауды аппарат басшысына жүктеді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі