ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігі, «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы, аудандық мәслихаттың аппараты, аудандық мәслихаттың депутаттары, фракция мүшелері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жастар Рухы» ЖҚ мүшелері, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен, «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы өткізілді.
Аталған тазалық шарасына бірқатар күл-қоқыс тазалайтын жүк көліктері жұмылдырылды. Барша сайрамдық азаматтар тазалық жұмысына қызу кірісті. Атап айтқанда, Ақсукент ауылдық округі, Қарабұлақ тас жолы, Астана даңғылы, көше бойларын және қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 12 тонна қоқыс шығарылды. Қоқыс қалдықтарынан арылған аумаққа тұрғындар да қызығушылық танытып, қолғабыс жасады. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі