Жетісай ауданында қарбыз- қауын экспортқа шығарылды
Түркістан облысында бақша өнімдерін өндірумен танымал болған Жетісай ауданында қарбыз- қауын экспортқа шығарылды.
Қарбыздан алғашқылардың бірі болып өнім алған “Атамекен” шаруа қожалығының егелері бүгінде қарбыз- қауын өнімдерін сыртқы нарыққа шығарып отыр. Қарбыздың келісін 150 теңгеден босатқан.
Аталған қожалық 3 гектар жерге егілген қарбыздан алдағы уақытта қажетті мөлшерде өнім аламыз деп жоспарлап отыр.
Шаруа қожалықтың, егіс алқаптарына “Қазсушар” РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі К -24, К-25 каналдарынан су барады. Дихандардың айтуынша, Қазсушар Түркістан Филиалы тарапынан судың жеткілікті және уақытылы баруынан, өнім биыл мол болып, шаруалардың еңбегі ақталуда деп қуануда.