ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖЕМІС БАҒЫН ЖАЙҚАЛТТЫ

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экоакциясы басталды. Игі акция аясында қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен қалаға кіреберіс Арыс өзені жанындағы 0,65 га аумаққа жеміс ағаштары отырғызылған болатын.

Бүгінде көктемде отырғызылған жеміс бауын түлетуге «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары бел шешіне кірісті.

Көшеттерді тұрақты түрде тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге 400 текше метрді құрайтын арнайы бассейн мен екі дана су айдау моторы орнатылды. Суды үнемдеу әрі өнімділікті қамтамасыз ету үшін әр көшеттің түбіне тамшылатып суғару жүйесі ендірілген. Жанында орналасқан өзен суынан қоректенуі де жеміс ағаштарының тез бой алып, өнуіне де септігін тигізбек.

Бүгінде мұнда алма, өрік, шабдалы, жаңғақ, тұт, жиде секілді жеміс ағаштары тамыр жайып, жасыл жапыраққа боялған. Жемі бауы тұрақты күтімнің арқасында алдағы уақытта тұрғындарға әрі сая әрі жеміс болар демалыс аймағына айналары сөзсіз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі