Түркістан облысының 2019 жылдың қаңтар-шілде айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы

Түркістан облысының

2019 жылдың қаңтар-шілде айындағы 

әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі  қорытындысы

 

Өнеркәсіп. Облыста 280,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 104,7 % құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 44,1% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 123,6 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 47,9%) өнімінің нақты көлем индексі – 103,5%, немесе өнім көлемі 134,1 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 18,6 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі – 128,2%  құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 3,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 140,2% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде мұнай өнімдері – 70,8-%ға (145,5 мың тонна), мақта талшығы – 3,3 есе (38,4 мың тонна), электр қуаты – 27,9-%ға (334,9 млн. квт/сағ.) артты.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі               211,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 55,3 млрд. теңгені (118,3%), мал шаруашылығы – 154,8 млрд. теңгені құрады (102,3%).

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 121,3 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 452,1 мың тонна – сүт, 114,8 млн. дана – жұмыртқа өндірілді.

2019 жылдың 1 тамызына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 1 070,1 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 104,9%, қой мен ешкі – 4 812,1 мың басты, немесе 101,6%, жылқы – 341,1 мың басты, немесе 108,9%, түйе – 30,1 мың басты, немесе 107,5% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 621,6 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне – 103,5% құрады.

Байланыс кәсіпорындары 3 440,9 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2018 жылдың тиісті кезеңінен 7,6% артты. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 53,0% құрады.

Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 тамызына 138,3 мың бірлікті немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 108,2% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2019 жылғы 1 сәуіріне                                204,2 мың адамды, немесе 2018 жылдың тиісті кезеңіне 109,7% құрады.

ШОК субъектілерінің 2019 жылдың қаңтар-наурыздағы өнім шығарылымы 75,3 млрд. теңгені құрап, 29,8%-ға артты.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға 179,4 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2018 жылдың тиісті кезеңінен 43,7%-ға артты.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 42,9%, немесе 76,9 млрд. теңге, меншікті қаражаттары – 49,8% немесе 89,4 млрд.теңге, қарыз қаражаты – 7,3%, немесе 13,1 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және білім беру болып табылады, олардың үлесі, тиісінше 38,2%, 18,3% және 10,9% құрады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 63,6 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 115,2% артқан.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 130,0 млрд. теңге инвестиция бағытталған, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 67,6% артқан.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 336,4 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 30,9% артты.

Сыртқы сауда. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айында Түркістан облысының сыртқы сауда айналымының көлемі 164,0 млн. АҚШ долларын немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 33,7-%ға артты, оның ішінде экспорт, тиісінше – 120,2 млн. АҚШ долларын немесе 30,8-%ға артқан, импорт – 43,8 млн. АҚШ долларын немесе 142,4% құрады.

Салықтық-бюджеттік сала. 2019 жылдың 1 тамызына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 98,6 млрд. теңгені, немесе жоспарға – 103,4% құрады.

Республикалық бюджет 66,7 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 67,6%) немесе жоспарға – 103,0% құрады.

Жергілікті бюджетке 31,9 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 104,1% құрады.

Бағалар. 2019 жылдың қаңтар-шілдесі 2018 жылдың қаңтар-шілдесіне тұтыну бағаларының индексі 104,9% құрады. Азық-түлік тауарлары – 7,7%-ға,  азық-түлік емес тауарлар – 5,1%-ға және ақылы қызметтер – 1,2%-ға жоғарылады.

Демография. 2019 жылдың 1 шілдесіне облыс халқының саны                     1 999,1 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңіне 2,2%-ға артты.

Жұмыспен қамту. 2019 жылдың ІІ тоқсанында экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 818,7 мың адамды, жұмыссыздар саны – 42,1 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,1% құрады.

Халықтың табысы. 2019 жылғы  І тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы  46 336 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға, нақты ақшалай табыс 14,7%-ға артты.

Денсаулық сақтау. 2019 жылы бюджет есебінен 7,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 5,5 млрд. теңге 10 нысанның құрылысына қарастырылды.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен 6,8 млрд. теңге, қарастырылды.

Сала желісі 740 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде:                    30 – аурухана, 710 – амбулаторлы-емханалық мекеме, медициналық пункт, фельдшерлік-амбулаториялық пункт және басқалары.

Білім беру. Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 1 жастан 6 жасқа дейін – 92,4%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 96,0% құрады.

Жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 901 бірлікті, ондағы оқушылар саны – 467,7 мың адамды құрады. Оның ішінде, 901 мектеп – байланыс және интернет жүйелеріне қосылған, 897 мектепте 2 675 интерактивті тақталар орнатылған. Мектептер 42,8 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған (1 компьютерге – 10,5 оқушы).