СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына аудан тұрғындарымен қатар барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары қатысты. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында Сарыағаш ауданы әкімдігінің бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», – дейді халық даналығы. Осы бір жақсы сөзді жанына серік еткен тұрғындар бүгінгі аудан көлемінде өткен санитарлық – тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау,шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудандық сенбілік мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі.
Туған жердің тазалығы баршамызға ортақ екенін ұмытпайық!