ТҮРКІСТАН: ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ 18 МЕКЕМЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына қарасты мемлекеттік архивтерде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді. Оған жалпы 18 мекеме атсалысты.
Яғни, облыс аумағындағы барлық мемлекеттік архивтерде тазарту, абаттандыру жұмыстары жасалды. Атап айтқанда, архив ғимараттарының сыртқы және ішкі қабырғаларын, ғимарат шарбақтарын жуып-тазалау, ғимарат айналасындағы шөптерді ору, сыпыру, ғимараттың ішкі бөлмелерін жуу, архив қоймаларын шаңнан тазарту, ауладағы ағаштардың қураған бұтақтарын кесу, әктеу, ағаштар мен гүлдерді суару сияқты жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар барлық архивтерде ғимаратқа іргелес көшелер мен жаяу жүргіншілер жүретін жол жиектерін, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.