«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СЭБ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНДАРЫ ЭКОАКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз ету, қоғамда экологиялық мәдениетті және экологиялық сауаттылықты қалыптастыра отырып, ұрпақты отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Аталған бастамаға Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де өз үлесін қоса білді. Атап айтқанда, департамент басшысы Нұрбек Нышановтың бастамасымен аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз аулалары мен іргелес аумақта ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалау жұмыстарына белсенді атсалысты.
Қоршаған ортаны таза ұстау, оған жанашырлықпен, құрметпен қарау – әрбір адамның міндеті. Сондықтан Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азаматтарды туған жерді таза ұстауға, елді көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырады.