«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИЛІКТЕР ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Төлеби ауданы әкімдігі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үлестерін қосты. Сенбілікке жиылғандар Алатау ауылдық округі, Ақмешіт шатқалының демалыс орындар аймағында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Тазалық іс-шарасы барысында таулы аймақта орналасқан демалыс орындары маңында, өзен жағалауларының бойында қоқыстарды тазалап, қураған ағаштар алынды. Жастар экоакцияға белсенді атсалысып, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарды.
Осы орайда, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң қызметкерлері барша қазақстандықтарды тазалық акциясына атсалысып, үй маңын таза ұстауға, құрылыс қалдықтарын арнайы орынға тастауға шақырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі