«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАНДЫҚТАР СЕНБІЛІКТЕ ЖОЛ ЖИЕКТЕРІН ТАЗАЛАДЫ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Сауран ауданы бойынша сенбілік жұмыстары өтті. Тазалық шарасына ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бірлесе атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарды. Шорнақ ауылдық округінде, «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Шәуілдір», «Түркістан-Кентау» бағыттары мен С.Қожанов елді мекеніндегі ұйымдастырылған сенбілікке – 400-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде 76 тонна қоқыс шығарылып, оған 13 техника жұмылдырылды.
Аталған шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі