“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Тазалықты жанына серік еткен Саурандықтар елді мекендерде сенбілік шарасына белсене қатысуда. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Майдантал, Ынталы елді мекендерінде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейтуге баса мән берілуде.
🔹 Елді мекендердегі тазалық жұмыстарының нәтижесінде 4 тонна қоқыс шығарылды. Қызу тазалық жұмыстарына 30-ға жуық адам қатысты. Оған 1 техника жұмылдырылды. Сенбілікте жол бойлары мен айналасы тазартылып, қатты тұрмыстық қалдықтар алынды.
Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекенінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Аудан көлемінде тазалық аптасы күнделікті жүргізіліп келеді.
🔹 Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған экологиялық акция қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осыны ескерген Қосқорған елді мекенінің тұрғындары эко акцияға белсенді қатысты.
🔹 Акция нәтижесінде 1,8 тонна қоқыс шығарылды. Қызу тазалық жұмыстарына 28 адам қатысып, оған 1 техника жұмылдырылды. Сенбілікте жол бойлары мен айналасын тазартып, бей берекет өскен арам шөптер шабылып, қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары кеңінен қолға алынды.
©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі