ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БҰЛАҚ КӨЗДЕРІН АШУ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Таза Қазақстан экоакциясы аясында Түлкібас ауданында барлық елді мекендер маңындағы бұлақ көздерін ашып, айналасын күл-қоқыстан тазарту шарасы қарқынды атқарылуда.
Дәл сондай, аудан орталығының батыс беткейінде орналасқан бұлақ көздерін аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім мамандары арнайы барып, ашып, айналасын және жаңынан ағып өтетін Арыс өзенінің жағалауын күл қоқыстан тазарты.
Игі шараға екі жүзге жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлері ат салысып, 28 қап күл-қоқыс жианады.
Түлкібас жастар орталығы және Қоғамдық кеңес «Таза Қазақстан» акциясы аясында саябақтар мен көше бойындағы ағаштарды суару, көгалдандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Түлкібас спорт клубы» КММ-нің қызметкерлерінің қатысуымен орталық стадионда тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жабағылы ауылында көше бойындағы ретсіз өскен шөптерді шабу, жол бойына тасталған күл-қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Рысқұлов ауылдық округінде Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында Батыс Еуропа- Батыс Қытай тас жолы бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп, Азаттық ауылында арық-атыздарды тазарту, көше бойларындғы көпшілік орындарда және тұрғындардың жеке жайларында қоқыстардан тазарту, шөп-шаламдарды ору секілді санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. “Таза-Қазақстан” экологиялық акциясы Жаскешу ауылында жалғасын тауып, Л.Демеуішов көшесінің бойында өскен тікенек орылып, көше бойындағы арам шөптер мен шашылып жатқан қоқыс қағаздардан тазалануда.
Құрметті Түлкібас кентінің тұрғындары сіздерді тұрғылықты жерімізді таза ұстауға, ағаштарды көгалдандырып, табиғатты аялауға шақырамыз.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі