«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚАЗЫҒҰРТТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ТАЗАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қазығұрттықтар белсене қатысуда. Ауданы әкімі Азизхан Исмаиловтың тапсырмасымен 13 ауыл округі бойынша республикалық, облыстық маңызы бар жолдардың бойлары, елді мекендердің ішкі көшелері, қоғамдық орындар мен мекемелердің ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстардан тазартылуда. Бұл ауқымды сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, еріктілер мен жастар белсене атсалысуда.
Аудан басшысы өңір тұрғындарын тазалық науқанына белсенді қатысуға шақырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі