«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ОРДАБАСЫЛЫҚТАР ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі «Орталық саябақта» тазалық шарасы өтті. Сенбілікке аудандағы ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері мен аудан жастарынан құралған 80-ге жуық адам қатысты. Атқарылған жұмыстар аясында тал түптері әктеліп, қураған ағаштар жиналып, қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, көшеттер отырғызылып, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді.
«Ауданымызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында тазалық шаралары күнделікті ұйымдастырылуда. Ауламызды, ауданымызды, өлкемізді таза ұстауымыз қажет. Осындай қоғамдық іс-шараларға бірге қатысып, аулалардың тазалығына, ауданымыздың тазалығына үнемі атсалысып келеміз. Өзімізбен бірге жастарды да тазалыққа баулудамыз. Өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсету әрбір азаматтың міндеті»,- деді аудан ардагері О.Есқараев
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі