«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОАКЦИЯ ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ «АҚБУРА» ӘУЛИЕ КЕСЕНЕСІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгінде ел көлемінде қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып келеді. Кезекті тазалық жұмыстары Қазығұрт тауының баурайында орналасқан «Ақбура» әулие кесенесінде жүргізілуде. Тазалық науқанына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбеталиев пен Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов қатысты. Сонымен бірге, шараға 70-ке жуық аудан тұрғындары мен белсенді жастар атсалысты. Нәтижесінде әулие кесененің маңы шөптен, қоқыстардан тазартылып, ағаш бұтау жәнк әктеу жұмыстары атқарылды.
Айта кетейік, Ақберді (Ақбура) Әулие ата кесенесі Шымкент қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Аңызға сәйкес, Ақберді ата емші болған және әрқашан ақ түйемен жүрген. Ең қызығы, Ақбура әулие өмірден озған соң оның түйесі тоқтаусыз жылау кезінде тасқа айналып, жасы тамған жер бұлақ басына айналған. Бұлақ суының емдік қасиеті бар. Бүгінде көптеген адамдар мұнда емделуге келеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі