САЙРАМДЫҚ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында жастардың қатысуымен сенбілік өтті. Атқарылған жұмыстар барысында қураған шөптер мен бейберекет тасталған қоқыстар жиналды. Тазалық шарасына аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық мансап орталығының мамандары атсалысты. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары өз үйлерінің аулаларын да тазартып, үлестерін де қосып жатыр.
Тазалықты басты қағидаға айналдырған сайрамдықтар сенбілік жұмыстарын тұрақты жалғастырып келеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың экологиялық мәдениетін жетілдірумен қатар, туған жердің көрікті аймақтарын, өзен-көлдердің жағалауларын, тарихи орындарды, табиғи қорық аумақтарын көпшілікке таныстырып, олардың тазалығын сақтауға көпшіліктің назарын аударуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі