ТҮЛКІБАСТАҒЫ МАШАТ АУЫЛЫНДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛУДА

Машат ауылында ауыз су жүйесі аймақтағы өзекті мәселенің бірі саналады. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынып, өз шешімін тауып келеді.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап аталған елді мекенге 32 шақырым жаңа су құбырын тарту жұмыстары басталып, 2 дана 300 кубтық су жинағыш орынның құрылысы жүруде. Құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда 357 абонентке тәулігіне 24 сағат сапалы ауыз су беріледі деп күтілуде.
Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Машат ауылына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Ауыл белсенділерімен бірге нысанның басында жауапты мердігермен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытында аяқталуын тапсырды.
Сондай-ақ Азаттық елді мекенінің ақсақалдарымен су жүйесіне қатысты көтерген біршама кемшіліктерді тез арада ретке келтіру бойынша жауапты бөлімге нақты тапсырма жүктелді.
Оған қоса су қысымы жетпей тұрған көшелерге қосымша ұнғыма қазу жұмыстары жүргізіліп, істен шыққан су реттегіш құрылғылары жаңартылмақ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі