ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы республикада көш бастады. Салаға инвестиция тартылып, 1,5 есеге өсті. Ал 2024 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 308,3 млрд. теңгені құрап, 106,2% деңгейінде қалыптасты.
Егістікті әртараптандыру нәтижесінде алдынға жылы көкөніс, бақша дақылдарының 3,3 млн.тонна рекордтық өнім жиналды. Жиналған өнім бойынша республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 380 жұмыс орнымен 45 жобаны іске асыру жоспарланған болса, оның 13 жобасы іске қосылып, 136 жұмыс орны құрылды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қуаттылықтарын арттыру мақсатында Сауран ауданында 1 гектар аумақта көкөніс сақтау қоймасы және 30 га аумақта шағын өнеркәсіптік паркжобасы жүзеге асырылуда. Өндірістік ғимаратта 38 жобаны іске қосу көзделуде. Нәтижесінде 1 790 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар импорттық тауарды алмастыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға өту жұмыстары жүргізілуде. Суды көп тұтынатын дақылдар алқабы 18 мың га қысқарды. «Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына» сәйкес, Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиясын 216,3 мың га енгізу қарастырылған. Оның ішінде биыл 22 мың га жоспарланса, 7 айда 13,1 мың га су үнемдеу технологиялары енгізілді.
Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында 2 жергілікті кәсіпорын ашылуда. «BNK Group LTD» «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты. Жыл соңына дейін қосыша «50 мың га тамшылатып суғару өндірісі» қосылады. «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны«жылына 9 мың га тамшылатып суғару жүйесін шығаратын өндірісті» толық іске қосады. Нәтижесінде, алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етілетін болады.
Жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселесін Үкімет алдында көтеріп, нәтижесінде жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Осы мақсатқа өткен жылы қыржы бөлінді. Сондай-ақ, жылыжайларды бір орталықтан көмірмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді.
«Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта жүргізілді. Бұл мақсатқа қаржы бөлініп, 3 256 жоба қаржыландырылды. Пилоттық жобаға 62 ауылдық округ белгіленіп, 62 жаңа кооператив ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылды. Қосымша өнім өндіріліп, жобаға қатысушылардың орташа табысы өсті. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаюда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі