ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ДИҚАНДАР 370 ГЕКТАР ЖЕРДЕН КҮНБАҒЫС ӨНІМІН АЛЫП ЖАТЫР

Шардара ауданы, Жаушықұм ауылында орналасқан «ИІРЖАРАГРО»ЖШС шаруақожалығы тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар жерге күнбағыс өнімін егіп, бүгінде жиын-терімді бастаған.
Бүгінде «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруақожалығы Түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суғару әдісімен өсірген. Бұдан бөлек шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Онда 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға қосымша жұмыс беріп отыр. Сондай-ақ 23 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Диқандар күнбағыс өнімін іші экспорт нарығынан бастап, ҚХР, Түркия, Әзірбайжан шет мемлекерге де экспорттауды жоспарлайды.
«Алдағы уақытта мемлекет қолдауымен шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып сурару дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін.» дейді шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі