«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИДЕ ЕСКЕРТКІШ МАҢЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Төлеби ауданында жалпыаудандық тазалық шарасы ұйымдастырылып, ескерткіш маңы қоқыстан тазартылды. Ауданда мұндай жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Тазалық шарасына аудан тұрғындары, қоғам белсенділері, коммерциялық нысан иелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмыла кірісті.
Жалпы ел көлемінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы қолға алынып, қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады.
Ауданда өткен тазалық жұмыстарына Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш, БАҚ өкілдері мен өлке өлкетанушы өкілдері Ленгір қаласындағы саябақта халықпен бірге сенбілікке қатысып, белсенділік танытты. «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында қазақтың аса ірі қоғам қайраткері Төле би Әлібекұлының еңселі ескерткішінің маңы тазаланып, қураған шөптер шабылды. Қоқыстар алынып, ағаштар суғарылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі