КЕЛЕСТЕ «ТАЗАЛЫҚ — ЖАН САУЛЫҒЫ» АТТЫ ЭКО-ПЛОГИНГ ӨТТІ

Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» шарасы аясында Келес ауданында “Тазалық-жан саулығы” атты эко-плогинг акциясы өтті. Шараға аудандық аудандық ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары Жансая Өмірәліқызы, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Айбек Әмреқұлұлы, “Жастар рухы” Жастар қанатының ерікті жастары, жалпы акцияға 80-ге жуық жас жұмылдырылды. Шараның мақсаты — тазалықты сақтау, әрбір жастың бойында туған жерге деген жанашырлықты ояту.
Экоакция нәтижесінде І орынды аудандық мәдиенет үйінің қызметкерлері қанжығасына байласа, ІІ орын Қаратөбе ауылының белсенді жастарына бұйырды. Ал ІІІ орынды Ошақты ауылының жастар командасы алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі