САУРАН: “БОЛАШАҚҚА ҮМІТ — ЖАСТАРҒА СЕНІМ” атты тақырыпта аудан жастарымен кездесті.

Бүгін, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы Сауран ауданының жастарымен кездесті.
Кездесудің мақсаты — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл 2 қыркүйек күні Қазақстан халықына жолдаған жолдауын кеңінен насихаттау, жастар арасында мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер жайында сөз етіп, қоғамның қозғаушы күші болып отырған жастармен пікір алмасу болып табылады.
Ернар Нұралыұлы АЭС-тың (атом электр станциясы) салынуына байланысты өз ойымен бөлісіп, жастардың референдумға көзқарасы қандай екендігі туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айгерім Ералықызы кездесу барысында еліміз үшін ерекше мәнге ие, көптеген өзгерістерге бастама болып отырған референдум жайында жастармен ой бөлісті.
Бәрімізге белгілі ағымдағы жылдың 6 қазан күні жалпыұлттық референдум өткізіледі. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ.