ШАРДАРАДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ АТСАЛЫСТЫ

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданында қала, ауыл округтерінде ретсіз өскен шөптерді, жиылған қоқыстарды, көше бойындағы ирригациялық жүйелерді және облыстық маңызы бар жол бойларында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына қала, ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекеме мамандары, мектеп және балабақша қызметкерлері қатысты. Жалпы 800-ге жуық адам атсалысқан тазалық жұмыстарына 17 техника жұмылдырылып, 284 көше бойынан 43 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі