ҚАЗЫҒҰРТТА “ТАЗА АУДАН — ТАЗА ЖАҒАЛАУ” АТТЫ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Қазығұрт ауданы бойынша аймақ басшысы әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен «Таза аудан — таза жағалау» атты ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына 800-ге жуық мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, ауыл округі тұрғындары, белсенді жастар қатысты.
Сенбілік барысында ең алдымен ауыл арасындағы ірі каналдар, арық-атыздар арнасы қоқыстан тазартылып, облыстық және аудандық маңызы бар жол бойлары, саябақтар, кәсіпкерлік және басқа да қоғамдық нысандарда шөп ору, қасбеттерін әрлеу жұмыстары жүргізілді.
Аймақ басшысы аудан орталығындағы сенбілік барысын жаяу аралап, ескертпелерін айтты. Сондай-ақ, ауыл округі әкімдігі қызметкерлері мен аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлеріне арық бойларына қоқыс тастаушыларға ескерту жасап, тазалыққа шақыру керектігін қатаң тапсырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі