КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ – КИЕЛІТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын іске асыру мақсатында Төлеби ауданы әкімінің кезекті кездесуі Киелітас ауылдық округінде өтті.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыты мен 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарларды таныстырды.
Киелітас ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек: Киелітас елді мекенінде 146 орындықты мәдениет үйінің құрылысы басталды. Нысан 2025 жылға ауыспалы. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасы негізінде Достық елді мекеніндегі 900 орындық мектебінің құрылысы жүргізілуде, келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сұлтан Рабат елді мекені Қарауылтөбе, Ескі қорған және Жалын көшелеріне, Ақайдар елді мекені Мерей көшесіне электр желісі жүргізіліп, трансформатор орнатылды. Сұлтан Рабат жалпы орта мектебінің алдына және Райхан аялдамасына Сергек сергек камераларын орнатылды. Жыланбұзған каналының 2,8 шақырымы, Қызыл терек каналының 2,4 шақырымы, Қыр каналының 5 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. Сұлтан Рабат елді мекеніне спорт алаңшасы пайдалануға берілді.
Еркін форматтағы кездесудің басым бөлігі сұрақ – жауапқа арналып, кездесу барысында тұрғындар мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сала басшыларымен бірге талқылады.
«Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу. Сіздер көтеріп отырған мәселелерді шешу бағытында жұмыс жоспары түзіліп, тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып, қызмет атқарамыз. Оның орындалуы — біздің бақылауымызда» деді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы.
Кездесу барысында айтылған барлық мәселелер қаржылық жағдайға байланысты кезеңімен шешімін табады. «Бұл ретте билік пен халықтың өзара сенімі, ортақ түсінігі бәрінен маңызды. Біз бір-бірімізді қолдай білсек, айтарлық нәтижеге қол жеткізе аламыз», деді қорытынды сөзінде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы.
Кездесудің жалғасы Аққұм ауылдық округінде жалғасын тауып, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев ауданның әлеуметтік-экномикалық даму көрсеткіштерімен қатар, округ аумағында атқарылған жұмыстарды баяндады. Жүзеге асатын жобаларды таныстырып, 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында округ халқы тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысын түсіндірді. 2024 жылы Аққұм ауылының аумағына кіре беріске арка орнатылып, Момынай елді мекендерінің жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация құрылысын жүргізілуде. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Аққұм елді мекеніндегі Жалғызағаш көшесі орташа жөндеуден өтуде. Момынай елді мекенінің жалпы ұзындығы 1,50 шақырымды құрайтын Ақтас көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аққұм елді мекенінің ауыз суын ағымдағы жөндеуге 10 млн теңге қарастырылып, мердігер анықталды. Әлі ата көшесінің 1,6 шақырымын, Момынай елді мекенінің Бекбауов көшесінің 2,5 шақырымын жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Аққұм каналының 1,5 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. Тұрғындардың ұсыныс-пікілеріне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын талқылап, жұмыс жоспарын түзуге арналған кездесуде округ халқы ауыз су, электр бағаналарын, жол және өзге де мәселелер бойынша өтініштерін айтты. Сержан Дауылбайұлы көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма беріп, орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді. Жеке қабылдауда да өзекті түйткілдер тарқатылып, барлық өтініш пен ұсыныс бақылауға алынды. Тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі