ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ БІРІНШІ МАМЫР МЕН АЛАТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына орай, 2024 жылдың екінші жартыжылдығына бекітілген кесте аудан әкімінің кездесуі Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті.
Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кездесуде аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев 2024 жылы 8 айдың көрсеткіші бойынша ауданның әлеуметтік – экономикалық даму бағытын баяндап, қол жеткізген жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттерді айтты.
Тұрғындармен кездесуге аудандық мәслихат төрағасы, аудан прокуроры және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
Бірінші Мамыр ауылдық округі Ынтымақ елді мекеніндегі 150 орындық орта мектебінің құрылысын бастауға 10 млн теңге қаржы қарастырылды. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Бірінші Мамыр елді мекені Таубай ата, Наурызым көшелері, Зағамбар елді мекені Сазды және Аль-Фараби көшелері және Жанажол елді мекені Жігер көшелерін орташа жөндеуден өтуде. Бірінші Мамыр елді мекені М.Әуезов көшесіне электр желісін жүргізу және трансформатор орнатылды.
Еркін, сұрақ – жауап форматындағы кездесудің басым бөлігі халықты толғандырған әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарын талқылауға арналды. Округ халқы ауыз су, мазаратқа арнайы жер бөлу, Ынтымақ елді мекеніндегі көшеге түнгі жарық орнату, жолға асфальт төсеу, Бірінші Мамыр елді мекенін электр жарығы мен ауыз сумен қамту мәселелерін көтерді. Бірінші Мамыр елді мекеніндегі жаңа массивтегі жер телімдерін кезекте тұрғандарға бөлу, Қожабек көшесіне ауыз су жеткізу, электр бағаналарын орнату, Алғабас елді мекеніне жол төсеу, жол кедергілерін орнату мәселелерін сөз етті.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар ете отырып, проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
Кездесуден кейін округ халқын толғандырған сұрақтарға жауап беру бағытында жеке қабылдау өткізді.
АЛАТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
ҚР Президентінің Жарлығына сай, барлық деңгейдегі әкімдер халықпен кездесу өткізуде. 2024 жылдың екінші жартыжылдығының алғашқы кездесуі Алатау ауылдық округінде өтіп, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының көрсеткіштерімен таныстырды. Сондай-ақ, ауылдық округте жүзеге асқан жобаларды баяндап, алдағы жоспарларды пысықтап, ауданды дамыту жұмыстарына тоқталды.
Кездесуде округ халқы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды. Округ халқы ауыз су, ағын су, жол кедергілерін орнату, аяқ жол салу, Біркөлік елді мекеніне мектеп ғимаратын, Алатау ауылдық округі әкімі аппаратына жаңа ғимарат тұрғызу, ұзақ жылдар бойы бір мектепті басқарған директорларды ротациялау, электр бағаналарын ауыстыру, жол, каналды тазалау өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштерін айтты.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы әрбір өтініш бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүретінін жеткізді. Сонымен бірге аудандағы өзекті мәселелерді қозғап, оларды шешу бойынша ауылдық округ әкімі мен сала басшыларына тапсырмалар берді.
Кездесуден соң Сержан Дауылбайұлы жеке қабылдау өткізіп, ауылдық округ тұрғындарының өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғам диалогын орнататын маңызды бағыт. Кездесу барысында айтылған проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыру мәслихат сессиясында қарастырылады. Бұған қоса, ресми интернет-ресурстарда кездесу барысында халық көтерген проблемалы мәселелердің шешілу барысы жарияланады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі