САЙРАМ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Ауданға қарасты барлық елдімекен аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы шеңберінде сенбілік өткізілді. Аталмыш шараға мемлекеттік қызметшілер мен барша тұрғындар белсене атсалысты. Бұл — олардың қоршаған ортаның тазалығына деген биік құрметін көрсететіні белгілі.
Бүгінгі сенбілік барысында мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары аудандық маңызы бар жол жиектеріндегі бейберекет тасталған күл-қоқыстарды жинады. Арық-атыздарды шөп-шаламдардан, шөгінділерден арылтты. Мекеме аулаларындағы гүл көшеттерінің түптерін қопсытып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Сондай-ақ, саябақтардағы және көшелердегі қураған жапырақтарды жинап, тұрғындардың емін-еркін жүруіне қолайлы жағдай жасады.
Айта кетейік, аталмыш акцияның мақсаты — аймақтарда осындай тазалық сенбіліктерін ұдайы ұйымдастыру арқылы экологиялық таза орта құруға ортақ күш біріктіру болып саналады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі