КЕНТАУДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛУДА

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов білім саласына қарасты мекемелерді аралап, газға қосылу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.
2024 жылы қаламыздағы 11мектеп пен 7 балабақшаға қаржы қаралып, көгілдір отынға қосу жұмыстары бастау алған.
Кентау қалалық білім беру бөліміне қарасты мемлекеттік 40 білім нысаны бар, оның ішінде 28 мектеп, 32 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар. Мемлекеттік мектептің 23-і де типтік үлгідегі ғимаратта орналасқан.
Орталықтандырылған жылу жүйесіне – 26 мекеме қосылса, автономды — 14 мекеме шағын қазандықпен жылытылған.
Газдандыру жұмысы жүргізіліп жатқан 11 мектептің екеуіне ескі қазандық ғимараттарына жөндеу жұмысын жасау арқылы қойылса, қалған 9 мектепке модульді қазандық қойылуда, сондай 7 балабақшаның 2 балабақшасына ескі қазандық жайларына жөндеу арқылы орнатылса, қалған 5 балабақшаға модульді қазандық қойылуда.
Құрылыстарда кеткен қателіктер бойынша «Мердігер»-ге сәйкестендеру бойынша келісімдер жүргізіліп тиісті жұмыстарды орындау тапсырылды.
✔️Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі