САРЫАҒАШ: МЕКТЕПТЕРДІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне жұмыс сапары барысында №39 Айбергенов, №69 шағын жинақты бастауыш мектебінің, №77 жалпы орта білім беретін мектебінің және №19 А.Оразбаева орта мектептерінде жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын тексерді.
Қазіргі таңда, №19 А.Оразбаева атындағы орта мектеп ғимаратында ішкі сырлау, еден орнату және мектеп ауласына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, №39 Айбергенов атындағы орта мектеп ғимаратында ішкі қабырғаларын әрлеу, сырлау, есіктерін және жылыту жүйесін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. №69 шағын жинақты бастауыш мектебін қатты отыннан көгілдір отынға ауыстыру, қосу жұмыстары, №77 жалпы орта білім беретін мектебінде техникалық жинақтағыш құжаттарын жинау жұмыстары атқарылуда.
Келесі кезекте, аудан әкімі Дарбаза ауылдық округіне арнайы барып, №70 С.Байғозиев мектебіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарын саралады.
Аталған мектепте асфальт төсеу, ішкі жылыту жүйесін және модульді әжетхана орнату жоспарлануда.
Аудан басшысы жөндеу жұмыстарын бақылап, аудандық білім бөліміне және мердігер мекемеге балалар білім алатын ғимараттағы жөндеу жұмыстары барысында тек қана сапалы материалдарды пайдалануды және мерзімді аяқтауды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі