«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Сайрам ауданына қарасты барлық елдімекен аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өткізілді. Аталмыш шараға мемлекеттік қызметшілер мен барша тұрғындар белсене атсалысты. Бұл – олардың қоршаған ортаның тазалығына деген биік құрметін көрсететіні белгілі.
Бүгінгі сенбілік барысында мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары аудандық маңызы бар жол жиектеріндегі бейберекет тасталған күл-қоқыстарды жинады. Арық-атыздарды шөп-шаламдардан, шөгінділерден арылтты. Мекеме аулаларындағы гүл көшеттерінің түптерін қопсытып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Сондай-ақ саябақтардағы және көшелердегі қураған жапырақтарды жинап, тұрғындардың емін-еркін жүруіне қолайлы жағдай жасады.
Айта кетейік, аталмыш акцияның мақсаты – аймақтарда осындай тазалық сенбіліктерін ұдайы ұйымдастыру арқылы экологиялық таза орта құруға ортақ күш біріктіру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі