КЕЛЕС АУДАНЫ: КҮЗГІ НАУҚАНДА 25 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛ КӨШЕТІН ОТЫРҒЫЗУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Түркістан облысы әкімінің елді мекендерді абаттандыру, аймақтарды көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Келес ауданында күзгі ағаш егу науқаны басталды. Аудан орталығындағы Жылқышиев аллеясы аумағынан қажетті жер дайындалып, 400 түп қарағай ағашы мен 300 түп глобус гүлі егілді. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Абдрахманов атқарылған жұмыстарды қадағалады.
Айта кетейік, бүгінге дейін жалпы аудан аумағында көше бойларына 20 мыңға жуық қылқан жапырақты ағаш, 1 мыңнан аса бұта, қайың ағашы, раушан гүлдер егілді. Сонымен қатар, биылғы күзгі ағаш егу науқаны барысында Келес ауданының климатына сәйкес келетін 25 300 түп түрлі ағаш егу жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі