БӘЙДІБЕК: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ
25 қазан – Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында Бәйдібек ауданы көлемінде ауқымды жаппай сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікте ауданның барлық елді мекендерінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, шараға барлық тұрғындар ат салысты.
Барлық ауылдық округтегі елді мекендердегі мекемелер, ауыл тұрғындары сенбілікке шығып, арық-атыздарды тазалау, ретсіз өскен талдарды бұтау, әктеу, қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Аудандағы 50 елді мекен бойынша жол бойлары, елді мекен ішіндегі 115 шақырым көшелер, 140 шақырым аяқжолдар, арық-атыздар, 8 аялдама, 16 балалар және спорт алаңшалары, 121 кәсіпкерлік нысандарға іргелес аумақтар, 70 мекемелерге іргелес аумақтар тазартылып, 81 тоннадан астам күл-қоқыстар шығарылды.
Сондай-ақ, барлық тарихи-мәдени орындарда да тазалық жұмыстары жүргізілді. Жаппай ұйымдастырылған сенбілікке 4310-ға жуық тұрғындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысып, 28 техника тартылды.
Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі