ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде азаматтарды ашық диалогқа шақырып, оларды толғандырған мәселелерге назар аудара отырып Төлеби ауданы әкімдігінде ауқымды жобалар жүзеге асуда. Тұрғындармен кездесуде, жеке қабылдауларда өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелер ашық айтылып, оларды шешудің ұтымды жолдары қарастырылуда.
Төлеби ауданының тұрғындары кез келген мәселемен жергілікті атқарушы билікке жүгіне алады. Және күн тәртібіне қойылған мәселелер дер кезінде шешімін тауып жатқанын атап өтуде.
Бүгін, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген Киелітас ауылдық округінің тұрғыны М.Қалқабаев мешіт алдына асфальт төсеуді сұранып, сала мамандарынан Қожамжар көшесіне 2025 жылы толық асфальт төсеу үшін бюджеттік өтінім берілгенін түсіндірді.
Бірінші Мамыр ауылдық округі Зағамдар елді мекенінің тұрғыны Д.Бекбауова бастаған бір топ азамат өздерінің тұрғылықты көшелеріне жол төселіп, ауыз су құбыры тартылып, электр жарығымен қамтылғанын айтып, ендігі кезекте табиғи газ әр үйге кіргенімен құжаттары болмауына байланысты оны қосуға рұқсат ала алмай отырғанына шағымданды. Тұрғындар орталық көшеден өткен газ құбыры барлық тұрғын үйге тартылғанын айтып, табиғи газды қосуға рұқсат беруді өтінуде.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дауылбайұлы бір сағаттан астам уақыт тұрғындармен тілдесіп, ашық-жарқын пікір алмасып, көтерілген мәселелердің заң аясында шешу жолдарын қарастырды. Сала мамандарына жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, жеке қабылдауға айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштер назардан тыс қалмауын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі