ЗЕРТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің екінші тоқсандағы он бірінші кездесуі Зертас ауылдық округінде өтті. Кездесу Зертас Мәдениет үйінде өтіп, оған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев төрағалық етті.
Конституциялық заңның 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кездесу барысында Сержан Дауылбайұлы 2024 жылдың сегіз айында округ аумағында жүзеге асатын жобалар мен ақпан айында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер негізінде атқарылған жұмыстар барысын баяндады.
Зертас елді мекеніндегі Шомшақты фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын бастауға 204 млн теңге қарастырылып құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан жыл соңына аяқтау жоспарлануда. Зертас ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратын ағымдағы жөндеуден өтті. Зертас инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін газбен қамтуға 6,1 млн теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар атқарылуда. Нысан ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беріледі. Зертас елді мекенінің Ж.Қасымбекова көшесінің 1,6 шақырымы, Құрманғазы көшесінің 1,6 шақырымын жарықтандырылды. Жаңакүш елді мекенінің ауыз су құбыры құрылысы толық аяқталды. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы негізінде Жаңакүш елді мекен көшесін орта жөндеу қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Кездесуде Сержан Дауылбайұлы жауапты сала басшыларына тұрғындардың көтерген мәселелеріне сәйкес заң аясында сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу. Сондықтан, кездесу барысында аудан халқы көтеріп отырған мәселелердің барлығы кезеңімен шешімін табады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі