ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРЫП ОТЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясындағы кездесудің күнтізбелік кестесі облыстық мәслихатпен келісілді. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімінің міндетін атқарушы Сержан Дүйсебаевтың кездесуі Қаратөбе ауылдық округіндегі ауылдық клубта өтті.
Кездесу барысында тұрғындарға Сержан Дауылбайұлы Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы және ауылдық округ аумағында атқарылатын жұмыстары туралы баяндады.
Кездесудің мақсаты халықпен кеңесу, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап беру болғандықтан, екі сағатқа созылған жиын барысында тұрғындарды толғандырып отырған мәселелер талқыланды.
Аудан орталығынан ең шалғай жатқан Қаратөбе ауылдық округінің табиғаты, ауа-райы да ерекше. Тау баурайында жатқан елді мекендерде халықтың жайлы өмір сүруі үшін табиғи газ тартылып, электр бағаналары мен желілері жаңартылып, аудандық маңызы бар жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қаратөбе елді мекеніндегі жаңа массив аумағына инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға ауыспалы. Қаратөбе елді мекенінің Р.Ералиев көшесінің 1,6 шақырымын жарықтандырылуда. Төңкеріс магистралды су құрыбыры желісі ағымдағы жөндеуден өтуде, құрылыс жұмыстары 2025 аяқталады. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Балдыберек елді мекені А.Тұрдалиев көшесін орта жөндеуден өтуде.
Қызыл тау» каналының 6,1 шақырымы механикалық тазалаудан өтті.(Аудан есебінен) Көктемгі су тасқыны кезінде орын алған Кент-Балдыберек каналының 250 метр жері бетондау жұмыстары жүргізілді.
Сержан Дауылбайұлы Қаратөбе ауылдық округ халқының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғамның, әсіресе өңірлердегі диалогын орнатуға негізделген кері байланыстың маңызды бағыты болса, кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысы аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады. Проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыру үшін салалық басқармаларға ұсынылады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі