ТҮЛКІБАСТА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСЫҢЫНДА ЖАЛПЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Ұлттық мерекеміз – «25 қазан Республика күні» қарсаңында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен аудан аумағында тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Ауа-райының қолайлы күнің пайдаланған аудан әкімі аппараты бастаған барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округ, кент әкімдіктерінің қызметкерлері және ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылар көше бойлары мен демалыс орындарындағы күл-қоқысты жинап, арық-атызды тазартты.
Сенбіліктің мақсаты – ұлық мерекеміз қарсаңында аудан аумағындағы көшелердің тазалығы және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Жалпы акцияға 2 мыңнан астам мекеме қызметкерлері ат салысты.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.