Түлкібаста сенбілік өтуде
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысы Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебіде белсене қатысуда. Акцияға облысқа қарасты аудан/қала жұртшылығы мен Түркістан облсының білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдары мен мекемелері өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене кірісті.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Сондықтан облыс,аудан, ауыл тұрғындарын, жастарын алдағы апталықтарға да белсенді қатысуға шақырамыз!