Жылу жүйесінің жұмысын жан-жақты қарап, тексеріп өтті
2024 жылдың 17 қазан күні жылу беру маусымының басталуына орай, білім беру мекемелерінің жылыту жүйелерін қарау, пысықтау мақсатында Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Д. Кыдыралиев мектептердегі қазандықтардың жағдайын, сыныптар мен басқа да бөлмелердің жылу жүйесінің жұмысын жан-жақты қарап, тексеріп өтті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – білім беру мекемелеріндегі жылыту жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, оқушылар мен қызметкерлердің қыс мезгілінде қауіпсіз және жайлы жағдайда білім алуына қажетті жағдай жасау болды.
Білім мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы барысын көру кезінде әрбір мекеменің қазандықтарының техникалық жағдайы егжей-тегжейлі қаралып, қазіргі таңдағы күйін бақылау барысында мектептерге жылу беру сапасын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Қазандықтарға жауапты мамандарға жүйенің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, қазандықтардың дұрыс жұмыс режимі және кезекшілікке жауапты қызметкерлердің міндеттері нақтыланды.
Қазандықтардың тиісті стандарттарға сәйкестігі мен қауіпсіздік ережелерін сақтау басты назарға алынды. Әсіресе, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қазандықтар мен жылыту жүйелерінің техникалық қызмет көрсету сапасын жақсарту қажеттілігі айтылды.
Мектептердің қысқы маусымға дайындығы толықтай қамтамасыз етіліп, алдағы уақытта да жылыту маусым бойы жылу жүйелерінің жұмысын тұрақты түрде бақылау жалғасатыны атап өтілді.