САУРАНДЫҚТАР СЕНБІЛІКТЕ 49 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРДЫ
Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында 25 қазан — Республика күніне орай аудан аумағында экологиялық сенбілік өтті. Акцияның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға шақыру болып табылады.
Маңызды мемлекеттік мереке қарсаңында аудан тұрғындары қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстап сенбілікке шықты. Тазалық шарасына ауыл округтеріндегі мекеме ұжымдары, белсенді жастар мен еріктілерден 240-тан астам азамат атсалысып, 15 техника тартылды. Сенбілікке қатысушылар көшелер мен саябақтарды, арық-атыздарды қоқыстан тазартып, 48,7 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды. Сенбіліктің арқасында аудан аумағы тазарып, көшелері көріктеніп, ажарлана түсті. Аталған сенбілік жұмыстары өңірде алдағы уақытта да жалғасады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі